Магомед Адиев: "Қарсыластан тактикалық ойын күтемін"

953

Қазақстан – Финляндия арасындағы кездесу ертең өтеді. 

Магомед Адиев: "Қарсыластан тактикалық ойын күтемін" Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндиямен болатын ойыны жайлы пікірін білдірді.

"Қарсыластар жоғары пастармен көп ойнайды деп айтпас едім. Иә, олар шабуылдаушы үш ойыншы арқылы шығатыны бар. Олардың көпшілігі Пукки арқылы ойнайды, оң қаптал да белсенді. Финляндия қорғаныстан шыға алатын және шабуылда жылдам футбол ойнағанды ​​ұнататын команда. Бірақ олар позициялық шабуылдарға немқұрайлы қарайды деп айта алмаймын. Мен жоғарыда айтқанымдай, қарсыластан көп тактикалық ойын күтемін. Бапкер бұл команданы жақсы ұйымдастырды. Осы орайда мен әріптесіме белгілі бір құрметімді білдіремін. Бізде қарсыласты ұтуду жолында өз нюанстарымыз бар. Жігіттер мұны істей алады деп үміттенемін. Матчтың соңында біз, жаттықтырушылар штабы ойын жоспарын дұрыс құрдық па деген түсінік пайда болады.

Иә, өкінішке қарай, Габышев пен Исламхан жарақат алды. Бұл біздің команда үшін ауыр жаңалық. Оларға кеше ота жасалды. Жігіттермен сөйлестік, қолдау көрсеттік, оларды алаңда да, ұлттық құрамада да күтеміз. Оң қаптал жайлы айтатын болсақ, Габышев жарақат алғанға дейін де мен бұл позицияға басқа ойыншыны қоюды жоспарлағанмын. Ғабышев, сау болса да алғашқы минуттардан шықпайтын еді. Бізге бұл орынға басқа мықты қырлары бар ойыншы керек. Ол кім болады - ертең көреміз. Тапаловқа келсек, ол Солтүстік Ирландияға қарсы алаңға шықты. Бұл ойында да ол, әрине, біраз уақыт ойнап қалуы мүмкін", - дейді Магомед Адиев.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген матч алдындағы баспасөз мәслихатында Финляндияға қарсы Еуро-2024 іріктеу матчына дайындық барысы туралы айтты:

"Біз жүз пайызға дайынбыз және жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді. Біз бұған дейін де жақсы футбол көрсеттік, енді Қазақстан құрамасының жанкүйерлерін тағы да қуантамыз деп үміттенеміз. Әрине, жоғарыда айтылғандай, біз дайынбыз. Ертегі атанған Даниямен ойыннан кейін тағы да жеңіске жетеміз деп сенеміз. Бұрын Финляндияны жеңген жоқпыз ба? Дәл осындай жағдай Даниямен де болды. Біз жанкүйерлер үшін, халқымыз үшін ойнаймыз. Бізге сенетін және бізден жеңіс күтетін барлық жанкүйерлерді ертең күтеміз!", - деді Асхат Тағыберген.

Естеріңізге сала кетейік, Н іріктеу тобының екі көшбасшысы арасындағы кездесу ертең, 7 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында өтеді. Басталуы елорда уақытымен 20:00-де.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу