Танымал ресейлік маман Магомед Әдиев Қазақстанға жергілікті клубтардың бірімен келіссөз жүргізу үшін келгенін айтты.
– Қазақстанға жұмыс бабымен келдіңіз бе?
– Иә, келіссөздер жүргізу үшін және бірқатар кездесулер өткізу үшін келдім.
– Келіссөздер қалай өтті? Сізді жұмыс барысында көргіміз келеді.
– Мен де жұмысқа кірісуге қарсы емеспін. Егер бәрі ойдағыдай болса, жақын арада іске кірісемін.
– Қазақстан құрамасы емес пе?
– Жоқ, қазір Қазақстан құрамасының бас бапкері бар.
Магомед Әдиевтің соңғы жұмыс орны Грозныйдың "Ахмат"клубы болды. Ол аталған командада 2024 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін қызмет етті. Бұған дейін бапкер Қазақстан құрамасын жаттықтарған.
Оның жетекшілігімен команда 21 матч өткізіп, 11 жеңіске жетті, 9 рет жеңіліп, 1 ойында тең түсті. Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуінің H тобында 4-орын алып, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан. Алайда, шешуші ойында Грекияға 0:5 есебімен жол берді.