Магомед Адиев Ресейдің "Ахмат" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

686

Бұл қызметін ол Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметімен қоса атқара береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Магомед Адиев Ресейдің "Ахмат" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды Фото: КФФ

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Содан бері 22 ойынның 11-де жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.

Екі жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасы көптеген халықаралық жарыстарда жоғары нәтижесімен көзге түсіп келеді.

2022/2023 жылдарда Ұлттар лигасында С дивизионында өз тобында бірінші орын алып, биыл В дивизионында сынға түсуге мүмкіндік алды.

Енді қыркүйек-қараша айларында В дивизионында үшінші опта Австрия, Словения және Норвегиямен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпай жинап, өз тобында үшінші орын алды. Бұл - құрама тарихындағы үздік көрсеткіш.

Магомед Адиев 1994-2009 жылдар аралығында ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2010 жылдан бері бапкерлікке бет бұрып, реейлік және еліміздің "Шахтер" клубында жетекшілік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу