Мағжан Әуезов "ForteBank"-тің директорлар кеңесінің басшылығынан кетті

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
20571

Банктің директорлар кеңесін енді Марлен Мырзабеков басқарады.

Мағжан Әуезов "ForteBank"-тің директорлар кеңесінің басшылығынан кетті

"ForteBank" акционерлік қоғамы акционерлердің жалпы отырысын өткізді. Отырыста қабылданған шешімге сәйкес, банктің директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Дәлірек айтсақ, Әуезов Мағжан Мұратұлы банктің директорлар кеңесінің мүшелігінен алынды. Сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшесі – банктің тәуелсіз директоры Бектұров Рүстем Сәбитұлының да өкілеттігі тоқтатылды.

Осылайша, банктің директорлар кеңесінің мүшелігіне банк акционері Болат Өтемұратовтың мүддесін қорғайтын өкілдер Мырзабеков Марлен Оразбекұлы мен Бектұров Рүстем Сәбитұлы сайланды. Олардың директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2022 жылы банк акционерлерінің жалпы жылдық отырысын өткізгенге дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ Марлен Мырзабеков банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін бұл қызметті Мағжан Әуезов атқарған болатын.  

Сонымен "ForteBank"-тің директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей қылыптасып отыр:

– Акционердің мүддесін қорғайтын өкілдер: Мырзабеков Марлен Оразбекұлы, Бектұров Рүстем Сәбитұлы, Өтемұратов Әнуар Болатұлы, Исатаев Тимур Ризабекұлы;

– Тәуелсіз директор: Пандза Хуберт Альберт, Абдразаков Ельдар Советұлы.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу