Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда.
55 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жарыс қожайыны, моңғолиялық Билгуунсайхан Хархуумэнмен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы белсенді өнер көрсеткенімен, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіс алаң иесіне берілді.
Осылайша, Махмұд Сабырхан құрлықтық біріншіліктің қола жүлдесіне ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова қола жүлде иеленген болатын. Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге 2 қола жүлде бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу