Майкл Маклеод "Барыс" хоккей командасымен келісімшартқа отырды

320

Келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған. 

Майкл Маклеод "Барыс" хоккей командасымен келісімшартқа отырды Фото: Sportliga

Сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған канадалық хоккейші Майкл Маклеод астаналық "Барыс" хоккей командасымен бір маусымдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

“Барыс” хоккей командасының баспасөз қызметінің мәліметінше,  бұрын Нью-Джерси Девилс клубының құрамында ҰХЛ-да ойнаған 26 жастағы Маклеодпен келісімшартқа отырғанын хабарлады. 

Келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.

26 жастағы шабуылшы Ұлттық хоккей лигасында 300-ге жуық матч өткізді. Өткен маусымда "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы, 12-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. Астаналық клуб 68 матчта 50 ұпай жинап, соққан голдары бойынша (137) лигадағы ең нашар екінші командаға айналды, Мәскеу түбіндегі "Витязьді" ғана (133) басып озды.

Айта кетейік, Майкл 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін Лондон қонақүйінде әйелді зорлады деп айыпталған Канаданың жасөспірімдер хоккей командасының бұрынғы бес мүшесінің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу