МакГрегор баспанасыз отандастарына үй салып жатыр

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2968

UFC-тің экс-чемпионы Дублиндегі баспанасыз жерлестеріне арнап салып жатқан үйлерінің құрылысы бітіп қалғандығын жариялады.

МакГрегор баспанасыз отандастарына үй салып жатыр Фото: goss.ie

Конор МакГрегор тағы да көпшілікті таңқалдырды. Бұл жолы игілікті ісімен әлем халқын сүйсіндіріп отыр. Ол Дублиндегі баспанасыз, жағдайы төмен отбасыларға арнап, тұрғын үй салып жатқандығын Инстаграмдағы ресми парақшасы арқылы мәлімдеді. Мұны бірнеше елдің баспасөз басылымдары іліп әкетті.

"Бүгін құрылыс басына бардым. Бұл – менің жылжымайтын мүлік саласындағы алғашқы жобам. Бізде 8 (сегіз) үй бітуге жақын. Үш бөлмелі үйлер баспаналары жоқ, Дублиндегі қонақ үйлерде күнелтіп жүрген қала тұрғындарына арналған. Ұзақ сенделмейсіздер, енді өз үйлеріңіз болады. Дауылдан кейін жарқырап күн шығады! Бүгін бәрін аралап көрдім, барлық көршілермен кездесіп шықтым, жуырда бұл үйлерде үй-күйі жоқ отбасылар тұратындарына көз жеткіздім. Олардың жаңа естеліктері, жаңа өмірлері басталады. Мен мұны мақтан тұтамын! Ирландия мәңгі-бақи! Ирландия алда! Ирландия әрдайым!", – деп аяқтапты өз ойын.

Аралас жекпе-жек өнерінің жарық жұлдызы, екі салмақ дәрежесі бойынша UFC тұжырымында әлем чемпимоны болған әйгілі спортшы өзінің виски империясындағы бизнес-серіктесімен Дублиндегі баспанасыз отбасыларға көмектесуді қолға алған болатын. Әрине, қазір әйгілі спортшылар жетіп артылады. Бірақ олардың осындай қайырымдылықпен айналысатын изгі ниеттілері көп емес.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу