UFC бәсекесі АҚШ президентінің 80 жасқа толған туған күніне орай ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұны Дональд Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштерінің алдағы 250 жылдығына орай Норфолк әскери-теңіз базасында сөйлеген сөзінде мәлімдеп отыр.
Ол UFC басшысы Дана Уайтпен жақын дос ретінде араласады. Әрі аталған спорттың жанкүйерлерін өзінің саяси электоратына жатқызатыны тағы бар.
Уайт Sports Business Journal басылымына UFC бәсекесінен соң Ақ үйдің Оңтүстік көгалындағы шөпті ауыстыру үшін 70 мың доллар жұмсайтынын хабарлаған.
Дана Уайт сондай-ақ Ақ үйдегі жарысқа қатысатын спортшылар рингке Дональд Трамптың Доғал кабинетінен шығатынын сүйіншіледі. Содан кейін ғана олар "Октагонға" 5 мың көрерменнің алдына бара алады.
– Сіз мұның ең жаман жері не екенін білесіз бе? Спортшылар жекпе-жекке шынымен де Доғал кабинеттен шығады, – деп нақтылады UFC президенті.
Айта кетейік, Конор Макгрегор – кештің басты қатысушыларының бірі. Ирландиялық спортшы UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың шілдесінде өткізіп, сол уақытта ол Дастин Порьеден жеңілген болатын.
Апта басында Макгрегор өзінің UFC-ге көптен күткен қайта оралу мәселесі шешім тапқанын және Ақ үйде жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Осылайша, Макгрегор Уайтпен бірге Майкл Чендлерге қарсы болуы ықтимал екенін айтып, жекпе-жекке қайтып оралу шарттарына келіскенін сөз етті.