Жартылай қорғаушының трансферіне грозныйлық клубтың бас бапкері Магомед Адиевтің өзі мүдделі көрінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған орай футболшының агенті Дмитрий Кигинько өзінің пікірін білдірді. Айтуынша, Самородвтың болашағы туралы әлі нақты шешім қабылданған жоқ.
"Нақты бір клубтар жайлы ештеңе айта алмаймын, себебі, әзірше келіссөздер аяқталған жоқ. "Ахмат" туралы айтсақ, мұнда, әрине Адиев факторы бар. Бұл жайтты есептен шығаруға болмайды, өйткені, Максим Магомедке қызық болуы мүмкін. Мұнда әлдеқандай команда мәселесі тұрған жоқ, ең алдымен Самородовтың өзі қызығушылық туындатып отырған сапалы футболшы. Сондықтан, оған деген сұраныс бар. Маңыздысы, кімнің ұсынысы тиімдірек болады және бұл жерде бірінші планда ақша емес, тағы бірқатар факторларды таразыланбақ", - деді Д. Кигинько.
Естеріңізге сала кетейік, Максим Самородов биыл 21 матчта 10 рет мергендік танытып, 5 голдық пас шығарған.