Максим Самородов Ресей Премьер-лигасында тағы да гол соқты

97

Бүгін матчтың 87-минутында "Ахмат" сапында Қазақстан құрамасының футболшысы Ғалымжан Кенжебек РПЛ-де дебют жасап, Самородовтың орнына алаңға шықты.

Максим Самородов Ресей Премьер-лигасында тағы да гол соқты

"Ахмат" клубы Ресей Премьер-лигасының 2025/26 маусымындағы 20-турда Мәскеудің "Локомотив" командасымен тең түсті.

Мәскеуде өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. 24-минутта Георгий Мелкадзе айып соққысынан дәл соғып, "Ахматты" алға шығарды. Ал 26-минутта Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов алаң иелерінің айып алаңындағы қайтқан допты тиімді пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Алайда "Локомотив" есепті теңестіре алды: 45+2-минутта Лукас Фассон есеп айырмасын қысқартты. Екінші таймда, 48-минутта Данил Пруцев таразы басын теңестірді - 2:2.

Қазір "Ахматтың" еншісінде 26 ұпай бар. Команда турнирлік кестеде 9-орында тұр. Ал "Локомотив" 41 ұпаймен Ресей чемпионатында 3-орында келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу