Мамырда теңге бағамын дөп басқан кім?

2815

Abctv.kz АҚШ доллары мен ресей рублінің теңгемен ара-қатынасына мамыр айына жасалған болжам қаншалықты дәл келгендігіне шолу жасап отыр.

Мамырда теңге бағамын дөп басқан кім?

Жаз маусымы басталысымен, abctv.kz өзінің дәстүріне сай сарапшылар берген валюта болжамдарының қаншалықты дәл келгенін бағамдай бастамақ. Әдеттегідей, үздік болжаушыны анықтау үшін біз доллар және рубль валюталарына қатысты Ұлттық банк белгілеген теңгенің ресми бағамының орташа апталық көрсеткішін қолданып отырмыз.
Сарапшылардың көпшілігі валютаның жылжу шегін ұсынатындықтан, біз сол сандарды қосып, орташа арифметикалық шаманы шығардық, осыдан соң ол консенсус болжаммен және аптаның нақты бағамымен салыстырылды. Бұл әдіс ылғи да шынайы жағдайды көрсетпейді, сондықтан abctv.kz сарапшылар тарапынан, мейлі оқырмандар тарапынан болсын түскен ұсыныстар болса, қарастыруға дайын.
Әдеттегідей, abctv.kz болжамдардың өзін жариялауда және олардың дәлдігін бағалауда тек ақпараттық сипатты басшылыққа алады. Алайда сарапшылардың консенсус-болжамының ара-қатынасы нақты бағам қозғалысын көрсететінін айта кету керек.
Осы жерде субъективті пікірді ысырып қойып, сіздердің назарыңызға теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұптарына арналған екі диаграмманы ұсынамыз. Мәселені толығырақ зерттеу үшін төменде мамыр айының барлық болжамдарын, нақты бағаммен салыстырылған abctv.kz-тің мәліметін таба аласыз.


Әйгерім Сүлейменова, Сұлтан Биманов  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу