"Манчестер" "Астананы" жеңгеніне қуанды

3640

"Олд Трафорд" стадионында өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Қазақ командасы өзін көрсете алды ма?

"Манчестер" "Астананы" жеңгеніне қуанды

Ағылшын командасы кездесудің фавориті болатыны анық еді. Болжамшылар есеп күрделеніп, қазақ командасы 3 немесе 4 гол айырмасымен жеңіледі деп ойлағандар көп болды. Алайда матч алдында ойыншылар құрамы жарияланып, барлық жоспар мен болжамдар өзгеріске түсті. "Манчестер Юнайтед" кілең жастарды шығарды. Қақпаға Давид Де Хеа емес Серхио Ромеро тұрды. Қорғаныстағы өзге жігіттер негізгі құрамда ойнап жүрген болса, жартылай қорғаныста Чонг, Гомес, Туанзебе Гринвуд секілді жастар ойнады.

Сол 17 жастағы Гринвуд "Астана" қақпасына гол салып, "Манчестер" үшін жеңіс әкелді. Бұл жас шабуылшының "қызыл сойқандар" сапындағы алғашқы голы болатын. Көптеген мамандар осы ойында "Астананың" небәрі 1 ғана гол айырмасымен жеңілгенін жетістік санап, ресейлік клубтардың "Лудогорец" және "Базель" командаларынан 5 гол жібергенін салыстырып жазуда. Иә, кеше ресейлік екі команда абыройсыз есеппен жеңілді.

Ал екінші тарап жанкүйерлер әлеуметтік желіге "17 жасар балалардан жеңілгеніміз дұрыс болмады. "Манчестердің" мұндай құрамымен кем дегенде тең ойнауымыз тиіс еді", деп жазыпты. Әлбетте, әркімнің өз ойы бар. Енді бұл командалар арасындағы жауапты ойын елордада 28-қараша күні өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу