Өзбек футболшысы Абдуқодир Хусанов "Манчестер Ситидің" негізгі құрамына кірді

460

Ағылшын Премьер-лигасының 23-турында "Манчестер Сити" өз алаңында "Челсиді" 3:1 есебімен жеңді.

Өзбек футболшысы Абдуқодир Хусанов "Манчестер Ситидің" негізгі құрамына кірді Фото: euro-football.ru

Бұл ойында "Манчестер Сити" сапынан Абдуқодир Хусанов пен Омар Мармуш дебют жасады.  

3-минутта "Челси" ойыншысы Нони Мадуэке есеп ашты. Бұл гол "Манчестер Сити" қорғаушысы Абдуқодир Хусановтың өрескел қателігінен кейін соғылды. 42-минутта "қалалықтар" сапынан қорғаушы Йошко Гвардиол есепті теңестірді. 

68-минутта Эрлинг Холанд командасын алға шығарды. "Манчестер Ситидің" қақпашысы Эдерсон Холандқа нәтижелі пас берді.

Осылайша, Премьер-лигадағы қақпашылар арасында голдық пас саны бойынша Пол Робинсонның рекордын қайталап, пас санын беске жеткізді.

87-минутта Фил Фоден шеберлігімен үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды. Осы жеңістің арқасында "Манчестер Сити" 41 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал "Челси" 40 ұпайымен алтыншы орынға түсіп қалды.

Лондондықтар қатарынан төрт матчта жеңіске жете алмай келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу