"Манчестер Юнайтед" футбол клубының баспасөз қызметі өзінің ресми сайтында жаңа стадион құрылысы жоспарланып отырғанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біздің клубтың ұзақ мерзімді мақсаты – әлемдегі ең жақсы футбол командасының ең жақсы стадионда ойнауға мүмкіндігінің болуы. Олд Траффорд стадионын қалпына келтіру бойынша жұмыс тобымен жасалған жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Біз олардың қорытындыларын, сондай-ақ мыңдаған жанкүйер мен жергілікті тұрғындардың пікірлерін мұқият ескеріп, жаңа стадион салудың дұрыс шешім екеніне көзіміз жетті", - деді "Манчестер Юнайтед" клубының атқарушы директоры Омар Беррада.