Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады

89

Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады Фото: olympic.kz

Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді.

Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.

Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді – 238.28 ұпай. Ол әлем чемпионатында төртінші рет жеңімпаз атанды.

Тағы бір жапониялық Моне Чиба (Жапония) 2-орын алды – 228.47 ұпай. Ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне түйіндеді – 215.20 ұпай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу