Түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан Қазақстан құрамасы төрт жүлде алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мангаладан әйелдер арасында Құндыз Есіркеп алтын жүлде алса, Айкерім Қуанышбекова қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Биғали Зкиряев алтын медаль алса, Азамат Қайдаров қола жүлде еншіледі.
Мангала — түрік халқының зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқыр болады, бәрі бірге 12 кішкентай шұңқыр, сонымен қатар, ойыншылардың тас жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыры болады.
Мангала 48 таспен ойналады. Ойын жеребе тастаудан басталады. Ойыншылар барлық 48 тасты, төрт-төрттен 12 шұңқырдың әрқайсысына таратып, жинақтау шұңқырларды бос қалдырады.