Маңғыстау дәрігерлері үстемақы талап етуде

1675

Олар өздеріне пандемиямен күрес кезінде үстемақы уәде етілгенін алға тартып отыр. 

Маңғыстау дәрігерлері үстемақы талап етуде

Маңғыстау облысының дәрігерлері үстемақы талап етіп, облыс әкімдігінің алдына жиналды.

Олардың айтуларынша, короновирус инфекциясының алғашқы толқынында дерт жұқтырған, алайда уәде етілген үстемақыларын ала алмаған. Заңға сәйкес, үстемақы барлық ақ халаттыға емес, пандемия кезінде жұмысқа тартылған, науқастармен тікелей қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлеріне төленуі керек және ол үшін арнайы бұйрық та шығарылған  болуға тиіс. Жиналғандармен жолыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлбибі Тасболатова осы уәжді айтып:

"Біз заңнан аттап кете алмаймыз, барлық денсаулық сақтау саласы қызметкеріне төленсін деген заң жоқ", – деп тыныштандырмақ болды. Бірақ жедел жәрдем стансасы санитарлары мен диспетчерлерінің ішінде өздерін індеттің күшейген кезінде мемлекет тарапынан ақша төленетінін айтып, әдейілеп шақырғанын жеткізгендер болды.   

"Мені Ақтау қаласында санитарлар жетпеген соң, Мұнайлыдан шақыртты. Енді күн демей, түн демей, еткен еңбегімізді елеп отырған жоқ", – дейді жәдел жәрдем стансасы қызметкері Зылиха Түзелбаева.

Оның әріптесі Снежана Базарқұлова болса, күнделікті статистиканы жинақтаумен айналысқанын, басқа да ауыр жұмыстарды атқарғанын айтып, үкіметтің кіші медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жөніндегі бұйрығы аяқсыз қалғанына реніш білдіреді. 

Наразы топ көтерген мәселелері жергілікті деңгейде шешілмесе, ел президентіне шағымданатындарын айтып отыр. 

Құралай Қуатова


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу