Маңғыстау кәсіпкерлері газ мәселесінің шешілуін күтуде

9154

Өңірде көгілдір отын тапшылығы оқтын-оқтын  байқалады. 

Маңғыстау кәсіпкерлері газ мәселесінің шешілуін  күтуде

Маңғыстау облысында Ералы Тұғжанов басшылық еткен кездегі ойын ережесі тәуелсіз ойыншыларды нарықтан тықcырып, тұтынушыларды делдалдықтан 1,2 млрд теңге тапқан жергілікті монополистердің қолына беруге әкелді.

Маусым айының ортасында облысқа жаңа басшы Серікбай Тұрымов келді. Жаңа басшы келгеннен кейін, Маңғыстау облысының бизнесі отын нарық ойыншыларының арасында тең мөлшерде бөлінуіне үміттенеді.

Еске салар болсақ, сәуір айында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жанармай станцияларында газ тапшылығы байқалған  болатын.  

Белгілі болып отырғандай,  өңірде тек бір өндіруші – "ҚазГПЗ" ЖШС ғана сұйытылған мұнай газын (СМГ) өндіреді. Зауыт сұраныс 16 мың тонна болғанда айына 14 мың тонна СМГ шығарады. Жетпей қалған көлемді, энергетика министрлігінің бекіткен жоспарына сәйкес "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ "жабады". Алайда баланстың барына қарамастан, тәжірибе көрсетіп отырғандай, газды бөлуде қиындық туып отыр. 

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, облыста небәрі 208 газ құятын жанармай станциясы (ГЖС) бар. Бұл ретте ойыншылардың тең жартысы зауытпен тікелей жұмыс істейді және көгілдір отынды өздерінің желісі арқылы сатады. Мәселен, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС және "АДМ ГАЗ" ЖШС сияқты. Дегенмен сауданың басым бөлігі, яғни 80%-ға жуығы көтерме бағамен сатушылармен байланысты қатардағы желілер арқылы өтеді. Атап айтсақ: "SK LTD KZ", "BatysCaspianService" және "TanaGasCom" ЖШС.

Бір қызығы, өңір әкімдігінің ресми мәліметі бойынша СМГ-ның 68%-ын  "SK LTD KZ" деген бір ЖШС алады. Бұл ретте компанияның өзінде бөлшектік желісі жоқ, бірақ та ресурстардың шектеулігінен одан облыстың 100-150 ГЖС-ы әртүрлі бағада сатып алады. Осы арада компанияның операциялық шығын көрмейтінін атап кету керек. Өйткені көлем зауытта тікелей жазылады. Бұл туралы inbusiness.kz-ке жасырын қалуды жөн көрген дереккөз айтты. 

Жеткізушімен тікелей бөлшектік бағада жұмыс істеуге энергетика министрлігінің газ жинақтау станциясының көлемі 600 текше метрден аспау керек деген талабы кедергі келтіріп отыр. Көтерме бағамен сатып алушылар нарықтың "жең астынан қол жалғауы" арқылы бөлшектік сауданың жартысын өздеріне алып отыр, бұл оларға үлкен көлемді алып кетуге және қайта сатудан пайда көруге мүмкіндік береді.

Бизнесмендер облысқа жаңа басшының келуімен жағдай өзгеріп, Қазақстанның газ өндіруші өңіріндегі тұтынушылар үшін көгілдір отын тапшылығы артта қалады деп үміттенеді.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу