2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасына кінәлі лауазымды тұлғалар анықталды

329

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасына кінәлі лауазымды тұлғалар анықталды Фото: Қорғаныс министрлігі

Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша бірқатар лауазымды тұлға күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынып, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген. 12 сараптама тағайындалыпты.

 – Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды,  – деп хабарлады құзырлы органнан.

Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу