Маңғыстаудағы қайғылы жағдай: Вице-президент мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру жөнінде кеңес өткізді

146

Ерлан Қариннің мәліметінше мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге де баса назар аударылды.  

Маңғыстаудағы қайғылы жағдай: Вице-президент мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру жөнінде кеңес өткізді Фото: akorda.kz

Вице-президент Ерлан Қарин Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шешімдерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мәселелері талқыланған кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Маңғыстауда болған қайғылы жағдайға байланысты мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар мен шешімдерді жүзеге асыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды, – деді ол. 

Айта кетейік, Каспийдегі қайғылы оқиға 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болды. Ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңіз ағызып әкетті.

27 қыркүйекте Каспийдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан 14 сарбаз мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу