Марат Омаров ФИФА мен УЕФА комитеттеріне сайланды

137

Бұған дейін Қазақстан футболы тарихында отандық федерация басшылары ФИФА мен УЕФА-ның осындай беделді комитеттерінде қызмет атқарған емес.

Марат Омаров ФИФА мен УЕФА комитеттеріне сайланды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ФИФА-ның базалық және әуесқой футбол комитетіне сайланды. Бұл комитет футболды негізгі деңгейде және әуесқойлар арасында дамытуға, сондай-ақ халықты футболға тартуға бағытталған бастамаларды қарастырады.

Сонымен қатар, Марат Омаров УЕФА-ның ұлттық федерациялар комитетіне қосылды. Бұл комитет УЕФА мен ұлттық футбол ассоциацияларының жұмысын үйлестіруді және олардың негізгі қызметтерін қадағалауды жүзеге асырады.

Қазақстан футбол федерациясының өкілі ФИФА мен УЕФА комитеттерінде жұмыс істеуі ҚФФ-ның халықаралық және еуропалық деңгейдегі футболдың дамуына белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу