Мәре сызығын Суперменше қарғып қиды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3141

Америка жеңілатлеті көмбеге тақағанда, бар күшімен алға қарай қарғып, мәре сызығын бірінші болып қиды.

Мәре сызығын Суперменше қарғып қиды Фото: twitter.com/aggietrk

Адамнан айла қалған ба, америкалық жеңілатлет Инфинит Такер бүкіл әлемді сүйсіндірді. Мамыр айының аяғында 21-ге толатын жас жігіт көмбеге келгенде, бар күшімен алға қарай қарғыған. Бұл – SEC Outdoor Track & Field Championships турнирінде болған жағдай.

Осы турнирдің 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру бәйгесінде адам таң қаларлық жағдай болған. Сөреден шыққаннан бастап алда келе жатқан Инфинит Такерді соңғы метрлерде өзінің жерлесі Роберт Грант қуып жетіп, тіпті одан сәл-пәл оза да бастаған. Ал Такер болса, бірінші орыннан айырылып қалмау үшін жанұшыра секірген...

Сөйтіп, денесі мәре сызығын бәсекелесінен бұрын қиған. Ереже бойынша, мәре сызығын ең әуелі адамның денесі немесе иықтары қиюы керек (басы немесе қолы емес). Мұны сол жерде-ақ көрермендер мен мамандар "суперменше секіру" деп, оның бұл әрекетіне қайран қалған. Негізі уақыты аса жоғары да емес – 49,38 сек. Дәл қазір әлемдегі тоғызыншы – көрсеткіш (биыл ең үздігі – 47,51).

Инфинит Такердің мәре сызығын қалай қиғандығын, яғни әлеуметтік желілерге жүктелген бейнежазбаларын миллиондаған адамдар тамашалаған. Қаралымдары сағат сайын артып бара жатқан көрінеді. Кім біледі, енді мәре сызығын осылай қиятындар қатары көбей түсетін де шығар...

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу