14-маусым күні UFC-дің алғашқы қазақстандық өкілі Мария Агапова шаршы алаңға шығатын болды. Оның қарсыласы америкалық спортшы.
Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 172 турнирінде Мария (8-1) америкалық Ханна Сайферске (10-5) қарсы кездесу өткізетін болады. Бұған дейін Агапова Мелисса Гаттомен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда бразиялиялық спортшы қыз АҚШ-қа виза ала алмағандықтан, жарыс өтпей қалды.
Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 4-те басталады. Ал отандасымыз соңғы болып жұдырықтасатын болады. UFC Fight Night 172 жарысын қазақстандық телеарналар көрсетпейді. Бірақ, турнирді TV Com (бұрынғы Caspio HD) және Otau TV-нің ақылы абоненттері UFC TV телеарнасынан тамашалай алады. Сондай-ақ Агапаваның жекпе-жегін ақылы жазылу арқылы TV-com.kz сайтынан көруге болады.
Дебюттік жарыс алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Екі спортшының салмақтарындағы айырмашылық небәрі 226 грамм. Мария Агапованың салмағы 56,925 келі, ал америкалық Ханна Сайферстің салмағы 56,699 келі. БАҚ өкілдерінің хабарлауы бойынша Мария Агапова кештің басты жұлдызы болмақ.
Ермұхамед Мәулен