Марк Кавендиш "Астана" сапында алғашқы жүлдеге ие болды

772

Әлемге аты мәшһүр Марк Кавендиш өзін көрсете бастады.

Марк Кавендиш "Астана" сапында алғашқы жүлдеге ие болды

Атақ-даңқы алысқа шапқан ағылшын шабандозы Марк Кавендиш осы жақында ғана "Астана" велокомандасына ауысқан еді. Ардагер шабандоз кезінде әлем велоспортына атын ойып тұрып қалдырған. Оның "Тур де Франстағы" тарихи жеңістері жанкүйер жадында. Әлемдік рекорд қойып, велосипедпен ең үлкен жылдамдықта жүріп өткен кездері статистикалық парақшаларда сарнап тұр. Сол Марк "Астана" жейдесін киіп, бірінші жеңісін тіркеді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің туры деп аталатын вело жарысқа қатысқан "Астана" алғашқы кезеңнің өзінде үштікке енді. 151 шақырымға созылған жарыста спринтерлер білгенінен жаңылмады. Тим Мерлир мен Калеб Юэннен кейін үшінші болып мәре сызығын кескен Марк Кавендиш алғашқы кезеңнің жеңімпаздарын марапаттау кезінде сахынаға шықты. Айтпақшы, осы сайста біздің командамызда Алексей Луценко мен Дмитрий Груздев те бар екенін айта отырайық. 2020 жылы осы сайста Алексей Луценко басты есепте үшінші орыннан көрінген еді.

"Жарыс бастала салысымен біз Кейс Бол екеуміз позицияға таласа бастадық. Мен жол шетіндегі тасқа тіреліп қалып, жалпы топтан шығып қалдым. Ал Кейс алдыңғы қатарды еді. Амал жоқ, бар күшімді салып пелетонға қосылдым. Кейіннен спринтерлік жолға дайындалып, күшімді сақтадым. Нәтижесінде үшінші келіп, командалық жұмыстың еңбегін ақтадым. Алғашқы жүлдем, командаға әкелген пайдам – барлығы да еңбектің арқасы", дейді Марк Кавендиш "Астана – Қазақстан" велокомандасының ресми сайтына берген сұқбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу