Марокко құрамасы мундиалда керемет камбэк жасады

С тобының соңғы турында олар Гаитиді 4:2 есебімен қапы қалдырды.

Марокко құрамасы мундиалда керемет камбэк жасады Фото: Getty Images

Десе де, аталған нәтиже марокколықтарға бірінші орынға көтерілуге жеткіліксіз еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

10-минутта Гаити алғашқы болып есеп ашты. Бірақ Марокко сапынан 39-минутта Ашраф Хакими кері қайтқан допты қақпаға тура бағыттады. Арада 4 минут өтер-өтпестен Гаити тағы бір гол соқты. Ресей чемпионатында доп тепкен Вильсон Изидор қақпа торын тулатты. 

Дегенмен, Марокко ойынның бірінші бөлігі аяқталмай-ақ таразы басын теңестірді. Бұл жолы Исмаэль Сайбари көзге түсті. 

Екінші таймда Марокко ойынды өз қолына алды. 78-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Суфьян Рахими мергендігімен танылды. Ал 89-минутта дәл сол Рахимидің пасынан соң 20 жастағы Жессим Яссин матчтың нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:2.

Осылайша, Марокко топта екінші орын алып, келесі кезеңге шықты. Ал Гаити 3 матчтан кейін әлем чемпионатымен қош айтысып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу