Мартин Лаас "Сакарья турының" үшінші кезеңінде жеңіске жетті

756

Астана шабандоздары әлемдік тур аясында өтіп жатқан жарыстарда тамаша өнер көрсетуде.

Мартин Лаас "Сакарья турының" үшінші кезеңінде жеңіске жетті

Түркияда өткен "Сакарья туры" көпкүндігінің үшінші кезеңінде "Астана" жастар құрамасы сапында өнер көрсететін эстониялық шабандоз Мартин Лаас кезең жеңімпазы атанды. Алжир құрамасының атынан шыққан Ясин Хамза мәреге екінші болып келді. China Glory Continental Cycling Team шабандозы Лю Сяньцзинь үздік үштік қатарын толықтырды.

"Жалпы, бүгін бәрі дәл кезең алдында жоспарланғандай өтті. Біз биік асулардың көп емес екенін білдік. Сондықтан мәре сызығында спринтке дайындалдық. Біз финалға дейін мүмкіндігінше энергия үнемдеуге тырыстық және көшбасшыларды алысқа жібермедік. Алғашқы 30 шақырымнан кейін көш басында бір ғана шабандоз қалды. Сондықтан біз барлығын бақылап отырдық. Жарыс жолы бірқалыпты болған жоқ. Бірде асуға көтеріліп, бірде құлдимен төмен жүріп отырдық. Сондықтан біз алға озған шабандоздарды тез қуып жеттік. Соңғы 15 шақырымда пелотон қайта белсенді болды. Жарыс аса қиын болған жоқ және барлығы сергек болды. Нәтижесінде соңғы асуда шабуылдар толастамады. Бірақ командаластарым тамаша жұмыс жасады. Олар барлық шабуылдарға тосқауыл қойып, мәреге дейін жоғары қарқынды сақтап қалды", - деді Мартин Лаас мәреден кейін.

Сонымен қатар елордалық велокоманда шабандоздары "Джиро д'Италияда" бақ сынауда. Осы жарыстың ең ұзақ, он бірінші кезеңі 219 шақырымдық қашықтықтан кейін Тортона көшелерінде жаппай спринтпен аяқталып, Astana Qazaqstan Team шабандозы Марк Кавендиш спринтте үшінші орын иеленді. 6-мамыр күні басталған велодода 28-мамыр күні мәресіне жетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу