Масаншы ауылының таңғы көрінісі (Фоторепортаж)

5211

Қалыпты тіршілік басталып келеді.  

Масаншы ауылының таңғы көрінісі (Фоторепортаж)

7 ақпан күні Қордай ауданындағы Масаншы ауылында жаппай төбелес болып, соның салдарынан 8 адам қаза тапқан болатын. Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов Қордай ауданында төтенше жағдай жариялап, ел тынышталды. inbusiness.kz тілшісі қақтығыс болған ауданда болып, ауылдардың ақуалмен танысып көрді.

Ауылдан әлі де ыстың иісі тарқай қоймаған

Көшеде жүргендердің дені ер кісілер

Жергілікті тұрғындар әйел, бала-шағаларын тауда тұратын малшылардың үйіне, мешіттерге апарып тастағанын айтады

Ауылда өрт сөндіруші, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде

Бұл жанжал болған Масаншы ауылындағы негізгі көше Мәңгілік ел деп аталады

Көшеде бірде бір сауда орны қалмаған

Әсіресе Қаракемер ауылымен шектесетін жағындағы тұрғын үйлер көбірек зардап шеккен

Айтпақшы, Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр (дүнген  ұлтының батыры) ауылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің ішінде мемлекеттік тілді меңгергендер жоқтың қасы екенін байқадық

Әсел Мұратбекқызы

Жамбыл облысы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу