"Мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес" – А.Көлгінов

1982

Қала әкімі 280 мың адам тұратын аумақта болды.

"Мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес" – А.Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданындағы 25 тұрғын үй кешенін аралап шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бізде балалар ойнайтын, таза ауада бос уақыттарын өткізетін алаң болған жоқ. Қазір тренажерлер мен орындықтар орнатылуда. Футбол алаңы да болады. Өте қуаныштымыз. Бұл орын біздің үйіміздің барлық тұрғындарының сүйікті орны болады. Бізде тағы бір мәселе бар-электр қосалқы станциясы жұмыс істемейді, бос тұр.  Аудан әкімдігі бұл мәселені қарастыруда", –деді Алматы ауданының тұрғындары әкіммен кездесуде.

"Абаттандыру жобасына сәйкес көшені жарығы орнатылады және қауіпсіздік үшін "жылдамдық бәсеңдеткіштері"  төселеді. Сондай-ақ аулада жаттығу құралдары, орындықтар, демалыс орындары, футбол алаңы, ағаштар отырғызылады", – деп уәде берді  Көлгінов.

Сонымен қатар әкім ескі үйлерді бұзу жобасы аясында адамдарды көшірген тұрғын үй кешеніне барды. Әкімдік аудан аумағында аялдамаларды орнату және жолға қосымша маршруттарды енгізу мәселесін қарастырады.

Алматы ауданында барлығы 387 аула аумағы орналасқан, 350 жақсы жағдайда. Бүгінде 25 аула абаттандырылды. Қалған жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілетін болады.

"Бүгін Алматы ауданында орналасқан аулаларды абаттандыру жұмысының  барысын тексердім. Бос тұрған жерлерде балалар алаңын жасап жатырмыз. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес аула жобаларына футбол алаңын, демалыс орынын, тренажерлерді енгіздік. Сондай-ақ ағаш отырғызумен айналысамыз, әткеншектер, құм салғыштар және де қауіпсіздік үшін жылдамдық бәсеңдеткіштерін орнатамыз", – деді әкім.

Сонымен қатар тұрғындар орталық жылудың, судың, кәріздің және балаларға арналған білім беру орталықтарының жоқтығын да жеткізді.

"Кирпичный" тұрғын үй алабының тұрғындары ауыз судың жоқ екенін айтады. Колонкада үлкен кезек пайда болады. Қамысты ауданының Квартальная 6 көшесінде орналасқан үй 12 жыл бұрын апатты деп танылды, 5 отбасы әлі көшірілген жоқ. Аумақта силикат кірпіш өндіретін зауыттың жұмысына байланысты жағымсыз иіс жиі пайда болады. Нөсерлік кәріздердің орталық желілерін барлық 15 көше бойынша жүргізу қажет екені  де сөз болды.  

"Промышленный" (Силикатный) тұрғын үй массивінің тұрғындары ескі үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша өз кезегін күтуде. Серікпаев 14 көшесінде орналасқан үй былтыр апатты деп танылған. Үйдің қабырғасы, төбесі және едені құлаған. Қауіпті жағдайда 15 отбасы тұрады. Жоспар бойынша, осы жылдың күзінде оларды жаңа ТК-ға көшіреді.

"Мичурин" тұрғын үй алабында 2400-ден астам адам тұрады.

"Барлығымыз жергілікті тұрғындармыз, осы жерде туып-өстік. Біздің ауданда балаларға арналған мәдени-демалыс орталықтарын ашуды сұраймыз. Жаз бойы олар көшеде, ал күзде, қыста суық болады, оларға үйірмелер қажет. Жарықтандырумен айналысу қажет, жылдамдық бәсеңдеткіштерін төсеу керек", – деді  "Мичурин" тұрғын үй алабының тұрғындары.

"Күйгенжар"  тұрғын үй алабының тұрғындары да осындай мәселелер бойынша шағымданды. Қала әкімі тұрғын үй массивтерінің мәселелері 3 негізгі блокқа – жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың тапшылығы және абаттандыру мәселелері болып бөлінгенін айтты.

"Біз тұрғын үй массивтерінің тұрғындарымен кездесіп, аумақты зерттейміз. Барлық проблемалық мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Алдымен үйге ауызсу жүргізу, аялдамалар орнату, жолға қосымша автобустар бөлу сияқты бірінші кезектегі мәселелерді шешеміз. Қоғамдық кеңесте тұрғын үй массивтерінің мәселелерін қарастырамыз,үш жылдық бюджет жобасына түзетулер енгіземіз. Жоспарға сәйкес жұмыс жасайтын боламыз", – деді А. Көлгінов.

Жалпы, елорда әкімі 280 мыңнан астам адам тұратын 16 тұрғын үй алабында болды.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу