Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

1263

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі зерделеу қорытындысы бойынша Бас прокуратура тергеу органының айыптау қорытындысын бекітті. 

Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді Фото: newsdesk.kz

Бұл туралы бүгін жарияланған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есебінде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.

Айыпталушылар К.Қ. Мәсімов (ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы) және А.Т. Садықұлов (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) мемлекетке опасыздық жасау (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) туралы баптар бойынша сотқа берілді.

Д.Е. Ерғожин (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) билікті күшпен басып алғаны (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы).

М.С. Осиповке (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары), Д.М. Акиповқа (ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары) және Н.К. Бекмуратқа (ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы) Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған. 

Қылмыстық іс "өте құпия" тергеліп, сот та осылай өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу