Мәскеудегі адам лық толы концерт залға лаңкестер шабуыл жасады

20821

Красногорск қаласындағы "Крокус Сити холл" ғимаратында белгісіз біреулер басып кіріп, атыс ұйымдастырған.

Мәскеудегі адам лық толы концерт залға лаңкестер шабуыл жасады Фото: Бейнежазбадан

Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

"Белгісіз біреулер "Крокус Сити холл" ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, бұл кезде "Пикник" тобының концерті болып жатқан.

ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу