Аталмыш жиын барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өтті. "Nur Otan" партиясының мәслихат депутаттығына кандидаттар тобы аймақ спортшыларымен әңгімелесті. Кездесу жиыны Ақсу қаласының әлеуметтік желі парақшаларында тікелей эфирде қатар жүріп жатты.
Ең алдымен кандидаттар партияның алдағы 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Оның ішінде "Nur Otan" партиясы жаппай спортты дамыту және азаматтардың дене шынықтыруын дамыту міндеттерін алға қоятынын атап өтті. Оған қоса 11 жаңа спорт обьектілерін ашу, 2025 жылға дейін қалада және барлық ауылдарда 20 футбол алаңын орнату, дене шынықтыру кешендерін жөндеу жоспарда тұрғанын жеткізді.
Атап айтқанда, үміткерлер спортшылар қауымына партияның бағдарламасында көрсетілген спорт секцияларын ашу арқылы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халық санын 30-дан 35% дейін аттыру көзделгені туралы баяндады. Айта кету керек, Ақсу қаласында мұз айдынын салу (инвесицияны тарту арқылы) партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Кандидаттар өз сөзінде аймағымыздығы спорттың дамуына барлығының жаппай атсалысатындығын тілге тиек етті.
Өз кезегінде спорт өкілдері партия мүшелеріне кездесу үшін алғыс білдіріп, сайлауда сәттілік тіледі.Соңында үміткерлер спортшылардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, оларды алдағы болатын сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды!
Ақсу қалалық сайлауалды штабы.
Ақсу қаласы "Nur Otan" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.