Мәслихат сайлауында сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді

119

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Мәслихат сайлауында сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді Фото: Ақорда

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауында сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Түркістан (77,58%), Ақтөбе (75,69%) және Жетісу (74,09%) облыстарында тіркелді.

Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші:

  • Астана қаласы – 42,92%
  • Абай облысы – 68,22%
  • Ақмола облысы – 56,08%
  • Ақтөбе облысы – 75,69%
  • Алматы облысы – 60,41%
  • Атырау облысы – 54,16%
  • Батыс Қазақстан облысы – 55,27%
  • Жамбыл облысы – 61,92%
  • Жетісу облысы – 74,09%
  • Қарағанды облысы – 56,42%
  • Қостанай облысы – 57,14%
  • Қызылорда облысы – 71,58%
  • Маңғыстау облысы – 61,86%
  • Павлодар облысы – 60,23%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%
  • Түркістан облысы – 77,58%
  • Ұлытау облысы – 54,61%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%
  • Алматы қаласы – 37,70%
  • Шымкент қаласы – 44,72%
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу