Мәжіліс майнинг саласына қатысты бірқатар өзгерістер қабылдады

Криптовалюта операцияларын жарнамалауға тыйым салу жоспарлануда.

Мәжіліс майнинг саласына қатысты бірқатар өзгерістер қабылдады Фото: yandex.kz

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының цифрлық активтері туралы" заң жобасын, сондай-ақ Қазақстандағы цифрлық майнинг саласын реттеуге қатысты ілеспе заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Заң жобасының нормаларын талқылаған депутат Екатерина Смышляева енді майнерлер электр энергиясын жалпы энергетикалық жүйеден артық болған жағдайда ғана пайдалана алатынын айтты. Бұл ретте олар қуатты Электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығының операторы биржасы арқылы ғана сатып ала алады. 

"Баға бойынша шектеулер жоқ. Сауда-саттық тек нарықтық тетіктер бойынша жүргізіледі", - деп түсіндірді депутат.

Сонымен қатар, майнинг жұмыстарын лицензиялауды екі санат бойынша жүзеге асыру ұсынылды. Бірінші санат - тиісті инфрақұрылымға ие цифрлық майнерлер. Олар жабдыққа, қауіпсіздікке сәйкес талаптары бар деректерді өңдеу орталықтары. Екінші санат - цифрлық майнерлер. Олар деректерді өңдеу орталықтарында ұяшықтарды жалға алатын және энергия квотасын талап етпейтін жабдық иелері.

"Заң жобасы міндетті аккредиттеуден басқа, олардың серверлік қуаттарының Қазақстанда орналасуы және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тұрғысынан бөлек талаптарды енгізеді", - деп қосты Смышляева.

Салық бойынша келесі ашық тетіктер әзірленді:

  • цифрлық майнердің корпоративтік табыс салығы;
  • көрсетілген қызметтер үшін алынған комиссиядан майнинг пулының корпоративтік табыс салығы;
  • криптовалютамен операцияларды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар үшін қосылған құн салығы; 
  • кәсіпкерлік субъектілері ретінде крипто-биржалардан корпоративтік табыс салығы. 

Депутат Қазақстан аумағында криптовалюта айналымына және криптобиржалардың қызметіне тыйым салынғанын баса айтты. Олар АХҚО-ның жеке юрисдикциясындағы лицензия бойынша ғана тәжірибелік құқықтық режимде жұмыс істейді. Криптовалюта операцияларын жарнамалауға тыйым салу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу