Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау – тікелей көрсетілім

1441

Елімізде Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды. Сайлау учаскелерінің көбі таңғы сағат 07:00-де ашылды.  

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау – тікелей көрсетілім Фото: inbusiness.kz

Кейбір учаскелерде дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

ОСК мәліметінше, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 14,21%-ы өз таңдауын жасап үлгерді.

Учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылып, дауыс санау басталады. Сайлау ел аумағында және шетелде құрылған 10,2 мыңнан астам сайлау учаскелерінде өтеді.

Халқы 19,7 млн-нан асатын Қазақстанда сайлаушылардың саны 12,3 млн адамнан асады.

Сегізінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, ал қалған 30%-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді. Мәжілістің 98 депутатын, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша 69 депутат, бір мандатты округтер бойынша 29 депутат сайлау қажет.

Осыған дейін Парламенттің төменгі палатасына сайлау пропорционалды жүйе бойынша (партиялық тізімдер) өтті. Бұдан басқа бюллетеньдерге "бәріне қарсымын” бағаны енгізілді.

Елімізде барлық 7 саяси партия сайлауға өз кандидаттарының тізімін ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы осыған дейін партиялар тізіміне 281 кандидат енгізілгенін хабарлады: "Ақ жол" демократиялық партиясынан – 54, Amanat партиясынан – 90, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – 25, "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясынан – 18, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ЖСДП) – 19, Қазақстан халық партиясынан (ҚХП) – 52, Respublica партиясы – 23. Жеребе тастау нәтижесінде партиялар сайлау бюллетенінде келесі тәртіппен орналастырылды: 1 – Amanat партиясы, 2 – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, 3 – Respublica партиясы, 4 – Қазақстан халық партиясы, 5 – "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы, 6 – "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, 7 – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

Парламентке өту үшін жеті партияның әрқайсысы кем дегенде 5% жинау тиіс (бұрын 7% болған). Егер 5%-ды тек бір ғана партия жинаса, онда Парламентке автоматты түрде дауыс саны бойынша содан кейін тұрған партия өтеді.

ОСК ақпаратына сәйкес, барлық 29 бір мандатты сайлау округі бойынша 435 кандидат тіркелген. Оның 359-ы өзін-өзі ұсынушылар болса, 76-сы партиялардан. Жеңіске жету үшін бір мандатты үміткер ең көп дауыс жинауы керек.

"Қоғамдық пікір" зерттеу институты, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы, "AMANAT" партиясының қоғамдық саясат институты, Еуразиялық интеграция институты, "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы сияқты ұйымдар Exit-poll өткізеді.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын бақылау үшін 41 шет мемлекеттен және 12 халықаралық ұйымнан 800-ге жуық халықаралық байқаушыны аккредиттеуден өткізді.

19 наурызда елімізде өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарын Сайлау күні таңғы сағат 09:00-ден түнгі 01:00-ге дейін "Сайлау-2023" 16 сағаттық онлайн марафонын өтеді.

Шараны мына сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=wiGvxgYWIzk

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу