Мбаппе Алматыда жаңа рекорд орнатты

247

30 қыркүйекте мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының екінші турында алматылық "Қайрат" қақпасына хет-трик жасап, жанкүйерлерге нағыз шоу сыйлады.

Мбаппе Алматыда жаңа рекорд орнатты Фото: realmadrid

Бұл жетістік франциялық ойыншының есімін клуб тарихына жазды. Мбаппе бір маусымдағы турнирде "корольдік клубтың" алғашқы 3 голын соққан тұңғыш футболшы атанды.

2025-2026 маусымын ол ерекше қарқынмен бастап отыр. Қазіргі таңда Мбаппе 9 ойында 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ал Чемпиондар лигасында 5 голмен бомбардирлер тізімінде көш бастап тұр.

Оның ең жақын қарсыластары – "Бавария" ойыншылары Харри Кейн мен Майкл Олисе, сондай-ақ "Айнтрахттан" Жонатан Буркард.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу