Күллі әлем көз тігетін іс-шараны France Football журналы ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жиын Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де басталмақ. Әлбетте, кештің негізгі марапаты – "Алтын доп".
Мұнан өзге бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталады:
- Пушкаш сыйлығы (ең әдемі гол авторы);
- Яшин сыйлығы (үздік қақпашы);
- Мюллер сыйлығы (үздік шабуылшы);
- Копа сыйлығы – (жас талант);
- Сократес сыйлығы – (қоғамдық қызметі үшін);
- Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер футболынан үздік жаттықтырушылар жарияланады.
Биылғы "Алтын доп" жүлдесіне ресми түрде 30 футболшы ұсынылып отыр. Сарапшылар басты фавориттердің де атын атаған.
Олардың қатарында:
- Усман Дембеле (ПСЖ);
- Ламин Ямаль ("Барселона");
- Рафинья ("Барселона");
- Килиан Мбаппе ("Реал");
- Мохаммед Салах ("Ливерпуль");
- Витинья ("ПСЖ").
Былтыр "Алтын допқа" "Манчестер Ситидің" және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри ие болды.
Бұл жүлдеге ең көп қол жеткізген футболшы – Лионель Месси (8 мәрте), одан кейін Криштиану Роналду (5 рет).
Айта кетейік, "Алтын доп" сыйлығы 1965 жылдан бері табысталып келеді.