Медиада дивиденд алушыларға қатысты дау-дамайдың кесірі экономикаға қалай тиеді?

1870

Бұл тақырыпта Ratel порталының авторы Олег Червинский медиадағы дүрбелеңнің экономиканың белгілі бір салаларына қалай кері әсер ететініне тоқтала отырып ой қозғайды.

Медиада дивиденд алушыларға қатысты дау-дамайдың кесірі экономикаға қалай тиеді?

Мақалада "ҚазМұнайГаз" IPO нәтижелері бастапқыда күткеннен әлдеқайда төмен болғаны айтылады: бар болғаны 182 млрд теңгеге өтінім келіп түскен, ал негізінде 256 млрд сомасына акция сатылады деп жоспарланған. Материал авторы "биыл Қазақстан қор нарығындағы басты оқиға - IPO нәтижелерінің ойдағыдай болмауына обьективті әрі субьективті себептерден бөлек, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының акцияларын орналастыруға мүлдем қатысы жоқ бір мәселе әсер еткенін" алға тартады.

Төменде Inbusiness.kz автордың материалын келтіреді.

Қазақстан медиа кеңістігінде адамның назарын аулайтын өзі бір-екі тақырып бар. Мысалы, бонустар мен дивидендтер.
Бар болғаны топ-менеджерлер сыйақыларының мөлшерін немесе дивиденд түрінде акционерлер төлеген соманы айтып, осының бәрін алушының аты-жөнін хабарласаң болғаны - әлгі жаналығың ел аузынан түспейді. 

Мұндай жаңалықты табу қиын емес - қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылған ашық дереккөздерді, биржалық жаңалықтар мен есептерді қарап, ең танымал фамилияны таңдау жеткілікті.

Оның қасында аталмыш төлемдер қалай, не үшін берілетінін түсіндіру қиынға түседі. Қарапайым мысал - Ratel.kz сайтының зерттеуі көрсеткендей, бір теңгеге сатылып кеткен банктердің бірінде құрдымға кетер алдында - жарты жыл бұрын топ-менеджерлерге 8 млрд теңге сыйақы бөлінген. Жыл соңында банк 40 миллиард пайда тапты делінді, алайда сатылымнан кейін оның қарыздары 600 млрд-тан асып кеткені белгілі болды. 

Егер біз топ-менеджерлерге берілетін бонустар мен мемлекеттік қолдау алатын компаниялардың акционерлеріне дивидендтер туралы толығырақ айтатын болсақ, онда қандай хайп болмасын, бәрі ақталады, тіпті қоғамға қажет десек те болады. Бірақ тіпті бұл зерттеудегі фактілерді қарапайым түрде салыстыру үшін кейбір аналитикалық қабілеттердің болуы қажет.

Әзірге "ҚазМұнайГаз" IPO-ға қайта оралайық.

Ұлттық компанияның акцияларын орналастырудан бірнеше күн бұрын елді дүрліктірген жаңалық жарияланды: мұнай өндіруші "Каспий мұнай" АҚ жалғыз акционеріне биылғы жылдың үш тоқсанында 35,6 млрд теңге мөлшерінде жай акциялар бойынша дивидендтер төлегенін KASE Қазақстандық қор биржасына хабардар етті. Ал "Joint Resources" АҚ арқылы Компанияның жалғыз акционері - Тимур Құлыбаев. 

Сол жаңалықта мемлекеттік көмек алып отырған банк туралы айтылды, ол да акционерлерге дивидендтер төледі.

Жаңалықтың басты мақсаты орындалды. Капиталды шығарып алды, ұлттық байлықты иемденді деген айыптаулар ағылып, қоғамда қызу пікірталас жүрді.

Қазақстан экономикасы нарықтық екенін ескерсек, пайда табу - кез келген бизнестің жалғыз мәні мен мағынасы. 

Әрі қарай мен тереңінен қазбалау үшін "Каспий мұнай" АҚ мен "Joint Resources" АҚ иелік ететін компаниямен салыстыруға келетін бірқатар басқа мұнай компанияларының есептерін қарап шықтым.

"Каспий мұнай" АҚ соңғы жылдары Атырау облысындағы Айранкөл кен орнында мұнай мен газ өндіруді жүргізіп келеді. 2018 жылы компания 849 мың тонна мұнай өндірді, келесі жылы – 900 мың, ал өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіру деңгейі 927 мың тоннаға жетті. Тиісінше, өнімді сатудан түскен түсім де өсті: 2018 жылы ол 111,2 млрд теңгені құрады, ал 2021 жылы - 135 млрд теңгеден асты.

Акционер бұл ақшаның едәуір бөлігін компанияға қайта инвестициялады. "Каспий мұнай" АҚ елімізде мұндай өндіруші компаниялардың ішінде алғаш Айранкөлде "Цифрлық кен орны" жүйесін енгізді. 2019 жылы өндірісті әдеттегі автоматтандырудан бастап, "Каспий мұнай" АҚ 2021 жылы өндірістік деректерді цифрландырды, кен орнында процестерді талдау мен модельдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін стратегиялық талдау орталығын іске қосты. Биыл "Интеллектуалды кен орны" жобасы, шешім қабылдаудың толық автоматтандырылған процесі (WPO) іске асырылды.

Сейсмикалық барлау деректерін қайта өңдеу мен қайта түсіндіру есебінен кен орнының геологиялық-гидродинамикалық моделін салғаннан және бағалау ұңғымаларын бұрғылаудан кейін Айранкөлдің ресурстық базасын 4 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік туды. Яғни, бастапқыда алынған қорлардың шамамен 40%-ы. 

Сол сәтте кен орнындағы өндірістік нысандарды жаңғыртуға да үлкен инвестициялар салынды. Нәтижесінде олардың жалпы өткізу қабілеті үш еседен астам өсті: жылына 1,5 миллион текше метрден 4,8 миллион текше метрге дейін!

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және басқа да облыстардағы еңбек ұжымдары митингілерге шығып, жалақыны көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етсе, "Каспий мұнай" қызметкерлері екеуіне де дән риза еді. Тек 2020-2022 жылдары кен орнындағы вахталық кентте тұрмыстық қызмет көрсету кешені, футбол алаңы салынды, қазандық пен жатақханаларға күрделі жөндеу жүргізілді, біліктілікті арттыруға және өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу сыныбы ашылды.

2018 жылдан бастап 2022 жылдың қараша айына дейінгі кезеңде компания Қазақстан азаматтары қатарынан кадрларды даярлауға және оқытуға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және демеушілік қолдауға 2,5 млрд теңге бөлді.

Тағы бір маңызды факт - 2021 жылдың қорытындысы бойынша "Каспий мұнай" АҚ елдегі ең ірі салық төлеушілер рейтингінде 23-ші орынға жайғасты. Өндірілген мұнайдың бір тоннасына төленген салық мөлшері сияқты көрсеткіш белгілі бір компанияның мемлекетке салықты қаншалықты ашық әрі әділ төлейтінін, салықты оңтайландыру схемасын қолданатынын немесе қолданбайтынын бағалауға мүмкіндік береді.

Мәселен, өткен жылы "Каспий мұнай" өндірілген мұнайдың бір тоннасына салық ретінде 76 479 теңге төледі! Мұндай көрсеткіш мұнайдың тоннасына 37 426 теңге төлеген "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-нен әлдеқайда көп. Ал "Қазақтүрікмұнай" ЖШС 36 773 теңге, Nostrum Oil & Gas компаниясында – 35 987 теңге төленді. Айтарлықтай айырмашылық бары айнадай көрініп тұр. 

- 2021 жылы өнімді сатудан түскен түсім - 135 млрд теңге,
- 2021 жылға төленген салықтар 66 млрд теңге,
- 2018 жылдан 2022 жылға дейін төленген салықтар - 326 079 000 теңге.

Міне, енді негізгі мәселеге де келіп жеттік: егер жеке компания өндіріс пен пайданың тұрақты өсімін көрсетсе, өзінің дамуына инвестиция салса, жұмыс істейтін аймақты және өз қызметкерлерін қолдаса, салықты адал және ашық төлесе - оның акционері оған тиесілі дивидендтерді адал және ашық алуға құқылы ма? Бұл кез-келген елді, оның экономикасын дамытудың негізі. Айтпақшы, сол "ҚазМұнайГаз" кірісінің едәуір үлесі "Теңізшевройл" ЖШС, Каспий Құбыр Консорциумы мен "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясынан алынған дивидендтер есебінен қалыптасады.

Енді осы мәселені басқа қырынан қарайық, жұртшылықтың "бәрін алып, бөлісіңіз!" сияқты дау-дамайынан қорыққан компания иесі мердігерлердің бағаны көтеруі мен басқа да “жасырын” жолдарды көздейтін  күмәнді келісімшарттар арқылы иелігінен ақша шығарып алуға тырысады. Нәтижесінде мемлекетке жарытып салық түспейді, ал халық жаңа құрылған жалпыға бірдей теңдік қоғамына риза!

"Самұрық-Қазына" қоры өткізетін ұлттық компаниялардың IPO-на оралсақ. Қордың міндеті - бұрын нарық үшін жабық құрылымдарды барлығына қолжетімді компанияларға айналдыра отырып, Қазақстанда және шетелде инвесторларды тарту.

Ал мұндай компаниялардың инвесторлары ақпаратқа өте сезімтал келеді.

Дивиденд алушылардың желіде болсын, жалпы басқа жерде болсын көтерген шу, дау-дамайы кез-келген инвестор ойына бір сәтте күмән дәнегін еге алады, әсіресе егер ақпарат ресми және сенімді болса, әлеуметтік әділетсіздік пен басқа да популистік нәрселердің нашар жасырылған контекстімен тенденциямен берілсе.

Бұл жерде біз Тимур Құлыбаев пен оның компаниясы туралы емес, бүгінде Қазақстанда белсенді қалыптасып келе жатқан саяси трендтер туралы айтып отырмыз. "ҚазМұнайГаз" акцияларын сатып алу мүмкіндігін зерттеген инвесторлардың алғашқы орналастыру кезінде ақша салу туралы ойларынан қандай жылдамдықпен бас тартқандарын ойлаудың өзі өкінішті. Жыл басындағы тонау жағдайында сол жылдың соңында кәсіп иелерін қырып-жоюға шақыру кез-келген инвестордың үрейін тудыратыны белгілі. 

Нәтижесінде - "Самұрық-Қазына" қорының жоспарларынан жүз миллиардтың күлі көкке ұшты.

Бұл тек бастамасы. Егер сіз ұлттық компаниялардың акцияларының иесі болсаңыз, онда медиа алаңда көтерілген дүрбелеңнен сіздің бағалы қағаздарыңыздың құны жоғалып, шығынға батуыңыз әбден мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу