Медициналық қызметті кімдер жеңілдікпен ала алады

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
4527

10,9 млн адам мемлекет тарапынан сақтандырылады.

Медициналық қызметті кімдер жеңілдікпен ала алады

Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулық саласына жаңашылдықтар енгізу бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтиды. Яғни, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады.

"Жекелеген медициналық қызметтерді алу үшін заңнамамен азаматтардың әлеуметтік осал 8 санаты анықталды. Олардың қатарында балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, зейнеткерлер және басқа да адамдар бар", – деді денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде әлеуметтік осал халықтың 15 санаты заңмен анықталған. Олардың саны шамамен 10,9 млн адамды құрайды. Бұл адамдар мемлекет тарапынан сақтандырылады.

"Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде бірқатар қызметтер қолжетімді болады. Дәлірек айтсақ, қымбат тұратын диагностикалық қызметтер арзандайды. Оларды қаржыландыру 3 есе өседі. Стоматологиялық қызметтердің де бағасы түседі. Оны қаржыландыру 2,3 есе ұлғаяды. Осылайша, тегін медициналық көмектің жаңа моделі Қазақстанның барлық халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырады", – деп сендірді Елжан Біртанов.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу