Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 186 млрд теңгеден асты

4236

Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 186 млрд теңгеден асты

Маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды  "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта қорға 186,2 млрд теңге түскен. 

Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.

 

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95,3% немесе 177,4 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 4,7% немесе 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу