Мейрамханаларда, кафелерде мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды – министр

343

Құзырлы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды.  

Мейрамханаларда, кафелерде мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды – министр Фото: Үкімет

Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті", – деді Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында. 

29 мамыр мен 15 маусым аралығында 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды аттестаттауы өтеді. Емтихандардың ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында материалдар білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жолданады.

"11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланған. Іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу