Бұл отандасымыздың DIMENSIONS атты жаңа шоуы аясындағы Мексикада өтетін екінші концерті болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты dimashnews cайтына сілтеме жасап.
Концерт Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы саналатын Монтеррей қаласындағы Auditorio Banamex (Citibanamex) концерт залында өтеді.
Аталған нысан Фундидора саябағының аумағында орналасқан. Ол – Монтеррейдегі ірі концерттер, халықаралық гастрольдер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатын жетекші алаңдардың бірі.
Монтеррей – Мексиканың солтүстік-шығысында орналасқан, елдегі көлемі жағынан үшінші ірі қала. Тау жоталарымен қоршалған көркем аңғарда орналасқандықтан, оны "Таулар сұлтаны" деп те атайды.
Қала Мексиканың маңызды өнеркәсіптік және іскерлік орталықтарының бірі саналады.
Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS шоуы аясындағы концерті осы қаладағы танымал мәдени алаңда ұйымдастырылмақ.