Мексикадағы бассыздық: Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының тағдыры қыл үстінде ме?

117

Халиско штатында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Мексикадағы бассыздық: Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының тағдыры қыл үстінде ме? Фото: sovsport

Мексиканың қарулы күштері елдегі ең ірі наркокартельдердің бірінің жетекшісі "Эль Менчоның" көзін жойды. Оның қазасы жаппай тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылықтың өршуіне алып келді. Мексикадағы тәртіпсіздіктер елдегі жағдайды ушықтырып, ФИФА басшылығы алдағы футболдан әлем чемпионаты қарсаңында ахуалды жіті бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы мундиаль үш елде - АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді деп жоспарланған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ФИФА Мексиканың турнирді қабылдаушы ел мәртебесінен айырылуы мүмкін деген сценарийді қарастырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Алайда бүгін Мексика президенті Клаудия Шейнбаум ресми мәлімдеме жасап, әлем чемпионатын өткізуге қатысты "ешқандай қауіп жоқ" екенін айтты. Оның сөзінше, турнирді бастапқы жоспар бойынша ұйымдастыруға "кепілдік бар".

Қазіргі таңда турнирді басқа елге "көшіру" жөнінде нақты шешім қабылданған жоқ. Дегенмен, ФИФА үшін басты өлшем - командалардың, жанкүйерлердің және турнирге қатысушы барлық тараптардың қауіпсіздігіне кепілдік берілуі. Егер қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрақтылық қамтамасыз етілсе, бәрі жоспар бойынша өтеді. Ал жағдайда ушықса, плей-офф кезеңінің географиясы өзгеруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу