Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

184

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады.

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың орнықты өсіміне назар аударылды.

Президент былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлес қосқаны, сонымен бірге Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жөніндегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мәселелері бойынша елімізді ұдайы қолдап келе жатқаны үшін сенаторға ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу