Мемлекет басшысы Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады

602

Жиында Президент сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Мемлекет басшысы Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • 2022 жылы – Ұлытауда;
  • 2023 жылы – Түркістанда;
  • 2024 жылы – Атырауда өтті.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу