Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде "Эгмонт" тобының маңызы зор екеніне назар аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның "ақшаны жылыстатуға қарсы" ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады.
Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.
Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.