Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Зоран Милановичті және оның отандастарын Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысы хатта Қазақстан Хорватиямен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және кең көлемді бағыттар бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті", – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал хорват халқына құт-береке тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу