Мемлекет басшысы: Қатар – біз үшін Таяу Шығыстағы өте маңызды серіктес

1665

Тараптар геологиялық барлау, тау-кен өнеркәсібі, көлік-логистика, қаржы және банк секторын дамытуға уағдаласты. 

Мемлекет басшысы: Қатар – біз үшін Таяу Шығыстағы өте маңызды серіктес Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы келіссөздерге "мәнді де, мағыналы пікір алмасу болды" деп баға берді.

"Қатар – біз үшін Таяу Шығыстағы өте маңызды серіктес. Себебі Доха біздің әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларымызға алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Мен мұны бүгін шейх Тәмимнің өзіне де айттым. Оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Халқымыздың атынан ризашылық білдірдім", – деді  Мемлекет басшысы.  

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Қатар екіжақты қарым-қатынастағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударады. 

"Алайда коронавирус індеті  және геосаяси ахуал әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермеді. Сол себепті соңғы жылдары сауда-саттығымыз бәсеңдеп кетті. Ендігі мақсатымыз – елдеріміз арасындағы тауар айналымын жандандыру", – деді ол. 

Айта кету керек, бүгінде Қатардың бірнеше компаниясы еліміздің ауыл шаруашылығы саласында табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың өнімі бірқатар мемлекетке экспортталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу