Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

643

Президент қандай тапсырмалар берді?

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Бас прокурор Берік Асылов қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің өзекті мәселелері жөнінде баяндады.

Отырыс барысында құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша түрлі аспектілері қарастырылды.

Мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу