Президент Кристина Шумекованы абсолютті әлем чемпионы атануымен құттықтады

633

Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады.

Президент Кристина Шумекованы абсолютті әлем чемпионы атануымен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Кристина Шумекованың 3 алтын медаль мен абсолютті әлем чемпионы атағына ие болуын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады.

Президенттің айтуынша, атлет мұндай табысқа талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің арқасында жетті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Кристинаның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу