Президент Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті.
Сондай-ақ, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу